$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Атырау облысындағы жастар арасындағы төбелестен бір адам қаза болды

AstanaTV
07.09.2015ж. 10:00
1158
Атырау облысындағы жастар арасындағы төбелестен бір адам қаза болды

Атырау облысындағы жастар арасында болған төбелестің арты қару атуға ұласып, бір адам қаза тапты. Бұл жайында облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты. Оқиға Құлсары қаласында орын алған. Топтасқандар - 21 мен 23 жас аралығындағы жас жігіттер, жаға жыртысуына не себеп болғаны әзір белгісіз.

Құзырлы мекеменің дерегінше, жанжал барысында оқ атылып, 21 жастағы екі жігітке оқ тиіпті. Олар аудандық ауруханаға жеткізілген. Жаралылардың біреуі жан сақтау бөлімінде қаза тапты, екіншісі ем қабылдап жатыр. Ал күдіктілер қылмысын жасыру үшін  қаруларын айдалаға апарып, көміп тастаған. Полицейлер 6 күдіктіні анықтапты. Оның біреуі қазір уақытша оқшаулау орнына қамалған.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Құлсары қаласының  жастары 21 мен 23 аралығындағы 6 тұрғыны ұсталды.  Олардан қала сыртындағы далалыққа жасырған 5 бірдей атыс қаруы табылып тәркіленді. Қаруларға қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Сонымен қатар ҚР ҚК 99-шы, яғни «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергелуде. Ұсталғандардың бірі 1992 жылғы азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ