×

Түркия күрд содырларына жауап ретінде әуеден соққы жасады

AstanaTV
07.09.2015ж. 10:00
2226
Түркия күрд содырларына жауап ретінде әуеден соққы жасады

Түркияның әскери әуе күштері елдің оңтүстік-шығысындағы содырларға соққы жасады. «Қаза болғандар мен жаралылар бар», - деп хабарлайды, «Рейтерс».

Түрік қарулы күштерінің мәліметінше, олар Түркия мен бірқатар елдерде лаңкестік деп танылған «Күрдістан жұмыс партиясы» қарулы жасағының 12 нысанына қарсы оқ атқан. Өйткені олар Хаккари аймағында түрік әскерилеріне жасаған шабуылды өз мойнына алған болатын. Ол жерде түріктің 15 сарбазы қаза тапқан еді. Бұл шабуылдан соң түрік басшысы Реджеп Тайып Эрдоған жергілікті телевидение арқылы мәлімдеме жасап, лаңкестермен күресті күшейтетінін хабарлады.

«Күрдтер ұйымдастырған қарулы қақтығыстар нәтижесінде шілде айынан бері түріктің 70 шақты әскери адамы көз жұмды»,- деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Сонымен қатар жүздеген күрд содырлары да көз жұмған. Қос тарап 2013 жылдан бері келе жатқан тұрақсыз бітімгершілікті бұзғаны үшін бірін-бірі айыптап отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ