Солтүстік
Қазақстан облысында үстіміздегі жылы отыздан астам бала жол апатына душар
болған. Көңіл көншітпейтін статискаға байланысты жергілікті полицейлер
оқушыларға көше қозғалысын реттейтін жол ережелерін үйретуді қолға алды.
Полицейлер әрбір белгіге жеке тоқталып, оның мағынасын бастан-аяқ баяндайды.
Кейін оқушыларға арнайы сауалдар қойып, олардың білімін жетілдіреді.
Оған қоса
қазір Қызылжардағы көше бойындағы автокөлік жолдарының жөнделуіне орай, бірнеше
негізгі көше жабылып, қалада көлік кептелісі пайда болды. Олардың санын
мейілінше азайту үшін, көше қиылыстарында қозғалысты реттейтін жол сақшылары
жұмыс істеуде. Алайда, жол белгілерін мектеп оқушыларының бәрі бірдей біле
бермейді. Осыған орай, тәртіп сақшылары жақын арада қаланың бүкіл мектептерін
аралап шығуды жоспарлап отыр.
Әбілсейіт
Жолаушин,
СҚО ІІД баспасөз хатшысы:
Ағымдағы
жылдың 8 айында балалардың қатысуыменен 30 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан
2 бала көз жұмып, тағы 31-і жарақат алды. Алдағы уақытта бұндай қайғылы
жағдайлар қайталанбасын деп, арнайы акция ұйымдастырдық. Бұл шараның аясында біз
бірінші қыркүйектен бастап қаладағы барлық мектептерді аралап шығуды жоспарлап
отырмыз.