Қазақ
хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Астанадағы «Қазақ Елі» монументінің
алдында өтетін басты салтанатты шараға дайындық қызып тұр. Мұнда қыркүйектің 11 мен 13 -і аралығында үлкен этноауыл ашылады. Қазақстанның барлық өңірлерінен өкілдері
келіп, киіз үйлер тігіп жатыр.
Бас-аяғы
алпыстан астам киіз үй бой көтермек. Еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы
қалаларынан келген үздік шығармашылық ұжымдар үш күн бойы қала тұрғындары мен
қонақтарының назарына өз өнерлерін ұсынады. Бас алаңда екі үлкен сахна,
спорттық алаңдар, алтыбақандар мен тайқазан орнатылмақшы. Этноауылда ұлттық
спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнердің
көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің дәрісі ұйымдастырылмақ. Барлық облыстардан келген ұлттық киімдегі
азаматтардың шеруі үш күнге жалғасатын мерекенің көркін кіргізеді. Шараға 2
мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Тамара
Жұмалиева,
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:
Осы
жерде Қазақстаннның түкпір-түкпірінен 14 облыстан барлығы өздерінің бар
мүмкіндіктерімен киіз үйлерін алып келіп жатыр. Мына жерлерде киіз үйлерді тігілгені - әдемі
ақшаңқан ауыл бой түзеп жатыр. Киіз үйдің табалдырығынан бастап, шаңырағына
дейін ой-өрнекке толы, олай болатын болса, осы жердегі әрбір нәрсе әр қазаққа
жақсы әсер қалдыратынына сенімдімін.
Берік ХАСЕНОВ