$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Қостанайда бензин бағасы 129 теңгеге жетті

AstanaTV
08.09.2015ж. 10:00
Қостанайда бензин бағасы 129 теңгеге жетті

Қостанайда жанар-жағармайдың құнын негізсіз көтерген кәсіпкерлерді анықтау және оның алдын-алу шарасы  басталды. Қазіргі таңда Тобыл өңірінде 26 кәсіпкер жанар-жағармай сатумен айналысады. Соның 70 пайызға жуығы бағаны көтеріп жіберді, - дейді облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің өкілдері.

Қостанайда АИ-92 маркалы бензиннің құны 129 теңгеге жетті. Департамент өкілдері бір апта бойы тексеріс жүргізіп, негізсіз баға көтергендерді анықтағалы отыр. Егер кәсіпкер бағаны негізсіз көтерген болса, жауапкершілікке тартылып ірі көлемде айыппұл төлейтінін айтады.

Бауыржан Оспанов, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бөлім басшысы:

Департамент қолға алған шараның мақсаты - заңбұзушылықты анықтау және алдын-алу. Біз әуелі жанар-жағармай құю бекеттеріндегі бұрынғы бағамен алынған бензин көлемі мен бағасын  анықтаймыз.  Егер  баға  заңсыз көтерілген болса, кәсіпкер жуапкершілікке тартылып, оның  кіріс айналымының 10 пайызына дейінгі  көлемде айппұл салынады.

Заңғар САНАЙ