Сауд
Арабиясының үкіметі мұнай бағасының түсуіне байланысты бірқатар мемлекеттік
жобаларын кейінге ысырып, шығындарын қысқартатын болды. Бұл туралы ВВС
агенттігі осы елдің қаржы министрі Ибрагим Әл-Асафтың мәлімдемесіне сүйене отырып жазды.
Сонымен қоса министр Сауд Арабиясы жанармай бағасының арзандауына дайын
екендіктерін жеткізді. Шығындары қысқарту денсаулық сақтау және білім беру
саласы мен инфрақұрылымдық жобаларға қатысы жоқ екенін баса айтты. Оның
айтуынша, ел дамуын қамтамасыз ететіндей негізгі жобаларды іске асыруға қор
жинап алған.
Айта кетейк, Сауд Арабиясы әлемдегі мұнайдың ірі көлемін экспортқа
шығарушы, сондай-ақ, жанармай жеткізу оның негізгі кірісі саналады.
"Brent" маркалы мұнайды олар өткен жылы баррелін 100 АҚШ долларына сатқан
болса, осы дүйсенбіде ол 49 долларға саудаланған. Сарапшылардың пайымдауынша,
мұнай бағасының түсуінен бюджет миллиардтаған долларынан қағылуы әбден мүмкін. Ал
BBC хабарлауынша, Сауд Арабиясы үкіметінің валюталық қоры 600 млрд долларға бағаланып отыр.
Айгүл ЕРМАХАН