$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Польша Украинаға 100 миллион еуро қарыз берді

AstanaTV
08.09.2015ж. 10:00
Польша Украинаға 100 миллион еуро қарыз берді

Польша Украинаға 100 миллион еуро қарыз берді. Бұл туралы "Риа Новости" польшалық министрлер кабинетіне сілтеме жасап мәлімдеді. Ақпар бойынша, несиеге берілген қаражат екі ел арасындағы тауар экспортын қаржыландыруға, транспорттық инфрақұрылымды дамытуға және шекаралық өткелдерді салуға бағытталмақ. Осылайша Польша үкіметі украиналықтардың жаңа реформалық бағдарламаларын қолдап отыр.

Айта кетерлігі, бұдан бұрын украиналықтар Дүниежүзілік банктен 500 миллион доллар көлемінде несие алған. Ал 19 тамыз күні елдің тұрғын үй коммуналдық қызметі министрлігі Дүниежүзілік банктен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға тағы 732 миллион доллар алғандарын мәлім еткен болатын. 

Жұрағат БАМАН