Қазақ
хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Астанадағы «Қазақ Елі» монументінің алдындағы
басты шараның дайындығы басталды. Мұнда 11-13 қыркүйек аралығында үлкен
этноауыл ашылады. Қазақстанның барлық өңірлерінің өкілдері келіп, киіз үйлерді
құруды бастаған.
Жоспар бойынша Елорда тұрғындары мен қонақтары назарына үздік хореографиялық
ұжымдардың, этнографиялық ансамбльдердің, халық және эстрада жанрлары
солистерінің қатысуымен үлкен мәдени бағдарлама ұйымдастырылмақ. «Қазақ Елі»
алаңында алпыстан астам киіз үй тігілемекші. Екі үлкен сахна, спорттық алаңдар,
алтыбақандар, тайқазандар орнатылады. Этноауылда ұлттық спорт түрлерінен - қазақ
күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақтан - жарыстар өтеді. Мерекелік шаралар
бағдарламасына сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің
дәрістері, үздік шығармашылық ұжымдардың концерттері өтеді.
Тамара
Жұмалиева,
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:
Осы
жерде Қазақстаннның түкпір-түкпірінен 14 облыстан барлығы өздерінің бар
мүмкіндіктерімен киіз үйлерін алып келіп жатыр. Мына жерлерде киіз үйлерді тігілгені әдемі
ақшаңқан ауыл бой түзеп жатыр. Киіз
үйдің табалдырығынан бастап шаңырағына дейін ой-өрнекке толы. Олай болатын
болса, осы жердегі әрбір нәрсе, әр қазаққа жақсы әсер қалдыратынына сенімдімін.
Берік ХАСЕНОВ