Қазақ хандығының символикалық
туы Өскеменге жеткізілді. Халықаралық жарыстарға қатысып жүрген байкерлер 550
жылдық мерейтойға арналған байрақты өңір басшысына табыстамақ. Айта кетейік,
Шығыс Қазақстан облысының орталығы - мотошерушілер аялдаған еліміздегі алтыншы
шаһар.
Алдағы жұмаға дейін, яғни Қазақ
хандығының 550 жылдығы ресми тойланатын күнге дейін, байкерлер еліміздің барлық
ірі қалаларын аралап өтуді жоспарлапты. Мұндағы мақсат - халықтың маңызды мейрамға деген назарын аудару, - дейді қатысушылар. Мотошерудің соңғы нүктесі
Астана болмақ. Түзілген кестеден қалмау үшін, қатысушылар жүре тамақтанып, ашық
аспан астында түнеуге тура келіп жүргенін де жасырмады.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ