$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Шымкентте жүк пойыздары соқтығысып қалды

AstanaTV
08.09.2015ж. 20:00
Шымкентте жүк пойыздары соқтығысып қалды

Шымкентте екі жүк пойызы соқтығысып қалды. Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат бестер шамасында орын алған. Апат қаланың сыртындағы Қызыл сай стансасы маңында тіркелді. Теміржол тұйығында маневр жасау кезінде шойын жол көліктері бір жолда түйісіп қалған. Салдарынан тепловоз бен тағы төрт бірдей вагон аударылған.  Жолдан шығып кеткен вагондардың біреуіне көмір тиелген, өзгесі бос болған көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, артында тоғыз тіркемесі бар теплавоз маневр жасауға келе жатқан. Сол сәтте жоғарғы  жақта тоқтап тұрған ұзын тіркеме артқа қарай жүріп кеткен. Қақтығыстың қатты болғаны соншалық, шырт ұйқыда жатқан адамдар өре түрекелген. 

Сапар Нұрмырзаев, тұрғын:

Шошып ояндық қой бәріміз. Ұйықтап жатқанбыз. Атып-атып тұрдық. Жүгіріп-жүгіріп шықтық далаға. - Өзі қозғалып кеткен дей ме, қалай? - Ана жақтан самокатпен кетіп қалған дейді. Тепловоз кетіп қалған. Сол жақтан бері қарай кетіп қалған. Мына жақтан груженый состав келе жатқан.

Нұржан Әсібеков, ОҚО ТЖД  бөлім бастығы:

Темір жол оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Пойыз қозғалысына ешқандай кедергі болып жатқан жоқ. Осы болған төтенше жағдайдың себеп -салдарын тиісті орындар анықтауда.

Қазір апатқа себеп болуы мүмкін деген алғашқы болжамдар жасалды. «Қазақстан темір жолы» АҚ  Шымкент жол бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ералы Дербісбековтің айтуынша, 23 вагоны бар тепловоз ешқандай тежегіш қойылмастан, қараусыз қалдырылған сыңайлы. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ