$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында ескерткіш ашылды

AstanaTV
09.09.2015ж. 20:00
1746
Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында ескерткіш ашылды

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында ескерткіш ашылды.  Аймақтағы қоғам белсенділерінің өтінішіне сәйкес, белгітас Глубокое ауданының орталығында бой көтерген.

Ескерткіштің авторы - белгілі қазақстандық мүсінші Қадырхан Кәкімов. Журналистермен сұхбат барысында ол, қазіргі таңда Абайдың шынайы бейнесіне сәйкес келмейтін ескерткіш көшірмелердің көбейіп кеткенін, айтты. Сондықтан мүсінші өз туындысын Абайдың екі ұлымен бірге түскен көпке белгілі фотосуретіне қарап жасаған. Құны 3 миллион теңгені құрайтын қоладан құйылған мүсінді шебер 4 айда жасап бітірген. Ұлы ақынның ескерткішін тұрғызуға демеушілер мен қоғамдық ұйым өкілдері көмек қолын созды. 

Самат Тоқтаров, Глубокое ауданының тұрғыны, қоғам қайраткері:

Біздің кентімізде Ақтаста, Глубокийде Абайға естелік ашылып жатыр. Бұған халқым да, өзім де өте қатты қуаныштымын. Өзім қобалжып тұрмын. Әрине, біздің елде Глубокийда ондай бұрын-соңды болып көрмеген. Бүгін осы Абайдың жолымен жастар оқып, білім алып, соның қара сөздерін жаттап, өлеңін айтып жүрсе, халқымның бұдан ары қарай жасай береріне өте сенімдімін.

Ал Өскемендегі Абай мен оның досы Евгений Михаэлистің ескерткіші тұруы тиіс алаң әзірге бос. Осыдан бір жыл бұрын орнатылған қола мүсін қала тұрғындарының сынынан соң қайта алынып тасталды. Өйткені мүсіннің сапасыз жасалуы халықтың наразылығын тудырған еді. Өскемен қалалық әкімдігі ұлы ақынның 170 жылдығы қарсаңында  мүсіншілер арасында байқау жариялап, жаңа ескерткіш орнатамыз деп, уәде берген. Бірақ әзірге ол құрғақ сөз күйінде қалып отыр.