$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Жан-Клод Юнкер: Көші-қон заңды болуы қажет

AstanaTV
10.09.2015ж. 10:00
903
Жан-Клод Юнкер: Көші-қон заңды болуы қажет

«Босқындардың көшіп-қонуын заңдастыру қажет». «Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер аталған ұйым дәстүрлі сессиясында осындай мәлімдеме жасады», - деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі. Оның сөзіне қарағанда, босқындардың Еуроодаққа көшуін қосымша табыс көзіне айналдыруға болады. Бірақ ол үшін Шенген келісіміне өзгертулер енгізу жоспарда жоқ, деп баса айтты. Ол Одақтың сыртқы шекараларын басқаруды күшейтуге шақырды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан кәрі құрлық аумағына 340 мың босқын келген. Сондай-ақ, АҚШ-тың гуманитарлық ұйымдары, Ақ үйге 100 мың сириялықты қабылдау туралы өтініш жасапты. Әзірге ресми Вашингтонның бұл мәселеге көзқарасы белгісіз.

Жан Клод Юнкер, Еурокомиссия төрағасы:

Біз 40 мың адам туралы айтып отырғанымыз жоқ, 120 мың да емес. Адам саны одан да көп. Еуропалықтар бұл мәселені тез арада қолдарына алуы тиіс және барлығы жұмыла әрекет етеді деп үміттенемін. Қазір іске кіріспесе болмайды. Босқындар мәселесін шешуіміз қажет. Еуроодаққа заңды түрде көшу жолдарын қарастыру керек. Бұл өте маңызды.

Мансұр ЕСХОЖИН