Ресейдің Сирияға жаңа әскери база салуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігі
өкілімен сұхбаттасқан «The Wall Street Journal»
басылымы хабарлайды. Пентагонның хабарлауынша, «өткен
демалыс күндері Латакия портынан оңтүстікке қарай орналасқан сириялық әскери
базаға ресейлік жолаушылар және жүк ұшақтары қонған».
Дереккөзің айтуынша, ұшақтар қонғанша, ол жерге үй құрылысына арналған қоршаулар
әкелінген. Басылымға сұхбат берушінің ойынша, бұл - Мәскеудің Сирияға жүздеген
әскериді орналастыру пиғылын айғақтайды. Осыған
ұқсас ақпаратты «The New York Times» та
жария еткен болатын. Өткен аптада АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Джон
Керри: «Ресейдің
килігуі Сириядағы кикілжіңнің ушығуына әкелуі мүмкін», -
деп мәлімдеген еді.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ