Күзге
салым бірнеше қалада баспана бағасы өскен. Ұлттық экономика министрлігінің
мәліметінше, шаршы метрлер құны Шымкент, Павлодар, Атырау мен Ақтауда
көтерілгені байқалды. Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев
қымбатшылыққа әкелген екі себепті атады. Ол, ұлттық валютаның тұрақсыздығы және жиын-терім науқаны да бағаның өсуіне әсер етті, дейді.
Қайырбек
Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Күзгі
жиын терім науқаны аяқталды. Адамдардың қолына қосымша қаражат тиді. Біз
сараптама жүргіздік. Бағаның өсуі барлық аймақтарда емес, Шымкент, Павлодар,
Атырау мен мен Ақтауда байқалады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ