Ақтөбелік
экологтар, шаһардағы жағымсыз иіске себепші - күкірт қышқылы, дейді. Химиялық
газдың шығуының бірнеше себебін анықтаған. Нақтырақ айтсақ, бұрынғы спирт
зауытының қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс алаңы және «Ақбұлақ» мекемесіне
қарасты кәріз сулар жүйесінен. Құзырлы орган өкілдері, ауа құрамындағы зиянды
күкірт көлемі шектеулі көрсеткіштен 10 есе артады,- дейді.
Жыл басынан бері
қалада ара-тұра пайда болатын қолқаны алатын жағымсыз иіс 32-рет тіркелген.
Әсіресе өндірістік аумаққа жақын орналасқан 4 аудан тұрғындары жапа шегуде.
Бірақ әзірге жауапқа тартылған азамат жоқ. «Экологтар сасық иістің шығуына
нақты себепші болған тұлғаны анықтау оңай емес», - дейді.
Нұрай
Сатимов, Ақтөбе облысы экология департаментінің бөлім жетекшісі:
Сұрақтарды
жаңағы иіс бойынша біздер атқарушы органмен бірлесіп жасап отырмыз. Енді
ұсынысымызды бердік сондай объектілерді жою туралы. Қазір осы сұрақтар
қаралуда.
Мансұр ЕСХОЖИН