Шығыс
Қазақстан облысының шаруалары өнімдерін өткізе алмай отырғанына наразы. Олар өздері өндірген азық-түлік өнімдері Ресей мен Белоруссияның тауарларынан сапасы жағынан еш кем түспейтінін
айтуда. Алайда дүкен иелері қосымша баға қосуды әдетке айналдырғандықтан,
өнімдері далада қалып жатыр.
Мәселен, отандық ірімшіктің саудалану бағасы 1000 теңгеден асып жығылады. Ал
көтерме бағасы - 700 теңге. "Май, ет, қазы да шетелдік өнімдерден ең болмаса 200
теңгеге арзан болуы керек еді", - дейді ашынған шаруалар. Дәстүрлі жәрмеңкелер де
түйіткілдің түйінін тарқатар емес. Сондықтан шаруалар күш біріктіріп, сауда орындарын
ашуды жоспарлап отыр.
Григорий
Акулов, Бородулихин ауданының әкімі:
Жақын
уақытта біздің ірімшік, ет, май, шұжықтарымызға аудан орталығында сұраныс
болады деп отырмыз. Шаруаларымыз онсыз да тәуекелге барып жатыр ғой. Ірімшіктің
көтерме бағасын келісіне 700 теңге деп бекітті. Майды 1000 теңгеден беріп
жатыр.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА