Қазақ
хандығының 550 жылдығына орай 1465.kz атты тарихи-мультимедиялық сайт ашылды. Портал қазақ тарихындағы деректермен
жедел әрі жеңіл түрде танысуға мүмкіндік береді. Сайт төрт тілде жұмыс істейді.
Идея
авторы It маман әрі танымал блогер Аршат
Оразов. Бастамаға "Нұр Отан" партиясы қолдау білдірген. Барлық
мәліметтер жетекші партияның атсалысуымен шет тіліне тәржімаланды. Сайттағы
қосымша бөлімдерде қазақ хандығы туралы кітаптар, фильмдер, әндер мен тест
сұрақтары қамтылған. Әр ханның тұсында қазақ елі иеленген аумақтардың картасы
да бар. Жақында ғана жұмысын бастаған сайттағы ақпараттармен 10 мыңдай интернет
қолданушы танысып үлгерген. Идея авторының айтуынша, аталмыш сайт - заманауи
контент пен шет елдік азаматтар үшін қазақ хандығының тарихы туралы жүйелі
ақпарат алуға ыңғайлы құрал болмақ.
Аршат
Оразов, IT маман, блогер:
Сайттың
ерекшелігі - мультимедиялық контентпен жасалған. Ақпараттық заманда визуалды
нәрселер жақсы қабыладанады. Сондықтан жылнаманы суреттермен, видеомен беруге
тырыстым. 1465 жылдан қазақ хандығының соңғы жылы 1847 жылға дейінгі оқиғалар бір
тәртіппен берілген. Жылжытып отырып, қарай алды. Тек 550 жылдық емес, алдағы
жылдарда да қарай беретін интернеттегі тарихи құрал.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ