Қазақстандық азамат Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен
лотерея ойынында бір миллион доллар ұтып алды. Ұтыс ойыны 25 тамызда Дубай дүкендерінің бірінде «Мыңжылдық
миллионері»
деген атаумен өткен.
Бақытты билеттің иесі Омар Самаликов есімді азамат
көрінеді. Ол 0529 нөмірлі билетті мың дирхамға, яғни 278 долларға сатып алған.
Бірақ лотерея ойынына өзі қатыспапты. Шетелдік ақпарат құралдары жеңімпаздың
бұл туралы әзірге білмейтінін жарыса
жазып жатыр.