Таксиді
интернет арқылы шақыру қызметіне байланысты дау шықты. Бразилияның Сан-Паулу
қаласының такси жүргізушілері Uber онлайн-парақшасы жүйесін заңсыз деп, бірнеше
ірі көшені жауып тастады. Наразылық білдіруші топ, Uber бағдарламасы
жолаушы тасуға рұқсаты жоқ жеке көлік иелері үшін табыс көзі боп тұр, дейді.
Бірақ олардың қауіпсіздік ережесін сақтап, салық пен сақтандыру төлемейтіндігі
анық. Интернет парақшасын жабу мәселесін Сан-Паулу қаласының парламенті
қарастыруда.
Айта кету керек, Рио-де-Жанейро депутаттары ел астанасында аталмыш
жүйенің жұмыс жасауына тосқауыл болған. Uber бағдарламасы 2009 жылы іске
қосылған. Бұған дейін Еуропаның бірнеше қаласында бағдарлама жұмысын тоқтатуды
талап еткен такси жүргізушілерінің наразылық акциясы өткен болатын.
Мансұр
ЕСХОЖИН