$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қытай халық банкі юань бағамын төмендетті

AstanaTV
11.09.2015ж. 20:00
1811
Қытай халық банкі юань бағамын төмендетті

Қытай халық банкі юань бағамын қайта төмендетті. Бұл жолғы құлдырау 0,22% құрап отыр. Осылайша бір юань 6,37 долларды құрады. Bloomberg агенттігі, бұл айдың ең төменгі көрсеткіші, дейді.

Еске салсақ, 11 тамызда қытай валютасы девальвацияны бастап өткеріп, 1,9% арзандады. Bank of East Asia сарапшысы Кеникс Лайдың айтуынша, «Қытай орталық банкі» юаньді ұстап тұру үшін, шығындарын қысқартуға мәжбүр. Тамыз көрсеткіштеріне сай елдегі алтын қорлары да 93,9 миллиард долларға қысқарған.

есе де, Мемлекеттік кеңес премьері Ли Кецян, Қытай Халық Республикасында кейбір қиындықтарға қарамастан, экономикалық жағдай тұрақты екенін, мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Қытай өзге елдермен экономикалық соғыс ашпайтынын айтты. Бірақ сарапшылар, Қытай экономикасы құрдымға кетіп бара жатыр дегенді, жарыса жазуда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА