$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қазақстандық құтқарушылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

AstanaTV
11.09.2015ж. 20:00
1213
Қазақстандық құтқарушылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Қазақстандық құтқарушылар Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өткен 11-ші Әлем біріншілігінде алтын және қола жүлделерді еншілеп қайтты. Осылайша өрт сөндіру қызметінің мамандары жалпы командалық есепте 4 орынды иемденген. Ептілік пен шапшаңдықты талап ететін бұл мамандыққа тек сайдың тасындай іріктелген мықтылар жиналады. «Жауынгерлік өрістету» деп аталатын командалық жаттығуда шашасына шаң жұқтырмаған отандастарымыз үздік атанды. 4 жаттығудан тұратын жарысқа әлемнің 20-дан астам елі бақ сынаған.

Қазақстанның өрт сөндіру құрамасына үміткерлер елдің әр аймағынан іріктеліп алынды. Бапкерлердің айтуынша, ендігі жылы Түркияның Измир қаласында өтетін жарыста отандастарымыз үздік үштікке енуді жоспарлап отыр.

Жасұлан Қайсарбеков, өрттен құтқару спорты бойынша әлем чемпионы:

Команда осы жарыста өте үлкен нәтиже көрсетті. Былтыр Алматыда өткен жарыста  жауынгерлік қанат жаюдан алтын медаль алғанбыз. Биыл да, міне, Алла қалап, Ресей жерінде туымызды желбіретіп, әнұранымызды ойнатып, тағы да осы жауынгерлік қанат жаюдан екінші рет дәлелдеп отырмыз Әлем чемпионы екенімізді.