$525.87 €614.37 ₽6.72
×

АҚШ Орландодағы шабуылдан қаза тапқандарды 4 күн аза тұтады

AstanaTV
14.06.2016ж. 20:00
2202
АҚШ Орландодағы шабуылдан қаза тапқандарды 4 күн аза тұтады

АҚШ-тың Орландо қаласында жалғыз өзі 50-ге жуық адамды атып тастаған Омар Матин 2013 жылдан бері Федералды тергеу бюросының бақылауында тұрған. Ол лаңкестік жасауға қауіптілердің тізімінде бар екені белгілі болды. Бұл туралы CNN, Тергеу бюросының директоры Джеймс Комиге сілтеме жасап, хабарлады. Ал елде қайғылы жағдайға байланысты 16 маусымға дейін аза тұту жалғасып жатыр.

Қаскөйдің қолынан ажал құшқандарды әлем жұртшылығы да еске алып, дұға оқыды. Сидней мен Париж және Гонконгте арнайы акция ұйымдастырылды. Эйфель мұнарасы мен Харбор Бридж көпіріне жергілікті халық жиналып гүл шоқтарын қойды.

Клиффорд Харт, АҚШ-тың Гонконг қаласындағы бас консулы:

Америка халқы ғана емес, бұл бүкіл әлем үшін қайғылы жағдай. Адамдардың түрлі көзқарасына қарамастан, жұртшылық бір-біріне қолдау білдіріп жатыр. Бүгін біз де Америка халқымен бірге екенімізді білдіріп, дұға етеміз.

Еске сала кетейік, сенбі күні Орланда қаласындағы гей-клубқа жалғыз адам шабуыл жасап, оқ жаудырған. Салдарынан 49 адам қаза тауып, 53 азамат жараланған болатын. Лаңкес сол жерде тұтқындалып, көзі жойылды. Қазіргі таңда ДАИШ террорлық шабуылды мойнына алып отыр.

Мұндай жағдайдың елде тағы қайталану қауіпі бар, сондықтан қару сатуды еркін айналымнан шығару керек деп, АҚШ президенті конгрессте кезекті рет айтып ауыз жиғанда, елде тағы атыс болды. Нью-Йорктің Бруклин ауданында балалар алаңында белгісіз біреулер оқ жаудырған. Салдарынан 6 жасөспірім жарақат алды. Қаскөйлер іздестірліп жатыр.