$519.51 €611.83 ₽6.6
×

KASE таңертеңгі сессиясында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 274-ке жетті

AstanaTV
14.09.2015ж. 13:00
1363
KASE таңертеңгі сессиясында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 274-ке жетті

Тағы да рекордтық көрсеткіш. KASE таңертеңгі сессиясында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 274 -ке жетті. Келісімдер 265 теңгеден басталып, 282 теңгені құрады. Қазір ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 280- 283 теңгеден  сатылып жатыр. Бұған дейінгі максималды баға 11 қыркүйек күні 264,2 теңгені құраған еді.

Теңгенің құлдырап жатқаны Құрылысшылар қауымдастығының доллардан бас тарту туралы шешім шығаруына түрткі болды. Демек, қауымдастық тұрғын үйдің бағасын ұлттық валютамен белгілемек ойда. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын жеткізетін компаниялармен келісімдерін қайта қарастыруды көздеп отыр. Бұл ұсыныстарын олар Үкіметке жолдамақ. Толығырақ қорытынды жаңалықтарда хабарлайтын боламыз. 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық