Америка арнайы қызметі Рим папасына ұйымдастырылған шабуылдың алдын алды. Бұл жайында CBS News телеарнасы, лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігіне жауап беретін құпия қызметке сілтеме жасай отырып, хабарлады.
Болжам бойынша, шабуылды өздерін Ислам мемлекеті деп
атайтын содырлар тобы әзірлеген. Рим папасының келесі аптада АҚШ-қа сапары
жоспарланған. Исламшылар сол кезде оған шабуыл ұйымдастырмақ болыпты. Әзірге
қандай да бір нақты ақпарат жоқ.
Десе де, АҚШ арнайы қызметі алдын алу жұмыстарын жалғастыруға
мәжбүр. Бұл танымал тұлғаларға дайындалған алғашқы шабуыл емес. Өткен аптада
экстремистер Ұлыбритания патшайымы Елизавета II мен оның отбасына қауіп
төндірген.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА