$445.68 €478.35 ₽5.57
×

Алматыда балаларын терезеден лақтырып жіберді деген күдікке ілінген әйел қамауға алынды

AstanaTV
14.09.2015ж. 13:00
1170
Алматыда балаларын терезеден лақтырып жіберді деген күдікке ілінген әйел қамауға алынды

Алматыда балаларын терезеден лақтырып жіберді деген күдікке ілінген Жадыра Көкенай қамауға алынды. Бұл жөнінде қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлайды.

Бостандық ауданының №2 соты Жадыра Көкенайды 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 33 жастағы келіншекке қатысты Қылмыстық кодестің үш бірдей бабы бойынша іс қозғалған. Заңды шешім әлі күшіне енген жоқ. Жуырда жасанды демалу аппаратынан ажыратылған күдікті әйел мен оның сәбиі қазір ауруханада.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға қыркүйектің 5-і күні Алматыда Сәтбаев пен Бауман көшелерінің қиылысында болды. 1982 жылы туған әйел өзінің 2007 жылы және 2014 жылы туған екі  қызын 5 қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып, артынша өзі де секірген. Салдарынан 8 жастағы Айша Көкенай оқиға орнында көз жұмды, ал 1,5 жастағы бүлдіршін мен күдікті келіншек көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Самат ҚАНАҒАТОВ