Мысырда
мексикалық туристер оққа ұшты. Бүгін ел билігі оған қатысты түсінік берді. Бұл
туралы Рейтерс хабарлады. Елдің туризм министрлігінің мәліметінше,
мексикалықтар рұқсат етілмеген аумаққа өтіп кеткен көрінеді. Туристердің онда баратыны жөнінде министрлік бейхабар болған
сыңайлы. Осының салдарынан бұл сапар 12 адамның өмірін қиды. Тағы 10 адам
жараланған деген ақпарат бар.
Белгілі болғандай, гидтер туристерді сафариді аралауға алып шыққан. Алайда,
олардың қолында бірде бір рұқсат қағазы болмапты. Қайғылы оқиғаны Мысырдың туризм және ІІМ бірігіп тергеп жатыр. Мексика билігі әзірге екі азаматының қаза
болғанын растады. Ел президенті Энрике Пенья Нето болған оқиғаны сынға алып,
ресми Каирден жіті тергеуді талап етті.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ