Алматыда
балаларын терезеден лақтырып жіберген Жадыра Құлмамырова қамауға алынбақ. Бұл
ақпаратты қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет таратты. Оның
айтуынша, Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық соты Жадыра
Құлмамырованы
2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 33 жастағы
келіншекке қатысты Қылмыстық кодекстің
2 бабы бойынша іс қозғалған. Дегенмен, шешім әлі күшіне енген жоқ. Жақында ғана
жасанды демалу аппаратынан шығарылған күдікті әйел мен оның қызы қазір ауруханада.
Қуандық
Ешімет,
Алматы қалалық соттың баспасөз хатшысы:
Бостандық ауданы 2-ші аудандық
сотымен Құлмамырова Жадыраға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабы
3-бөлігімен, 99-бабы 2-бөлігімен санкция беріліп, екі айға қамауға алынды.
Еске сала кетейік, қайғылы
оқиға 5 қыркүйекте Сәтбаев және Бауман көшелерінің қиылысындағы баспаналардың
бірінде болған еді. 1982 жылы туылған әйел өзінің 2007 жылы және 2014 жылы
туылған екі кәмелет жасына толмаған қыздарын 5-ші қабатта орналасқан пәтерінің
терезесінен лақтырған, артынша өзі де секірген. Салдарынан 8 жастағы Айша
Көкенай оқиға орнында көз жұмды, ал 1,5 жастағы бүлдіршін мен күдікті
келіншектің өзі көптеген дене жарақаттарымен Алматы қалалық орталық ауруханаға
жеткізілген еді.
Самат ҚАНАҒАТОВ