$520.93 €609.07 ₽6.68
×

В.Алекперов: Мұнай бағасының барреліне 65-90 долларға дейін өсетініне сенімдімін

AstanaTV
15.09.2015ж. 10:00
942
В.Алекперов: Мұнай бағасының барреліне 65-90 долларға дейін өсетініне сенімдімін

«Лукойлдың» басшысы әрі бас акционері Вагит Алекперов, «Россия 24» телеарнасына сұхбат беру кезінде, мұнай бағасының барреліне 65-90 долларға дейін өсуі мүмкін екенін айтты. Алайда, қара алтынның қашан қымбаттайтынын ашып айтпады.

Бизнесменнің айтуынша, мұндай баға әлеуеті зор кен орындарын зерттеуге мүмкіндік бермек. Мәселен, Арктика. Егер де бұл жерде мұнай табылса, онда әлемдік нарықта қара алтынды өндіруді көпке дейін тоқтатпауға жол ашылады. Ал РИА Новости: «Лукойл, 2016 жылы мұнай бағасы 50-55 доллар деңгейінде сақталады, деген болжам жасап отыр», - деп хабарлайды. 

Абзал ҚҰРМАНКИН