KASE
қазақстандық қор биржасында 1 доллар құны орташа сараланған валюталық бағам бойынша
276 теңгені құрады. Бүгін доллардың
минималды бағамы 265, ал максималды деңгейі 279 теңгеге дейін жеткен.
Сондай-ақ, қор биржасының дерегінше, таңертеңгілік сессияда долларлық
сауда-саттық көлемі 71 миллион 350 мың долларды құраған.
Айта кетсек, доллар
бағамының ең жоғары көрсеткіші Атырау қаласында тіркелді. Ал кейбір аймақтарда
шетелдік валюта тіптен сатылымда жоқ. Мәселен, Астанада шетелдік валютаны
айырбастау түгіл, табудың өзі қиыншылық тудыруда. "ҚазТаг"-тің
мәліметінше, қазірде орталық Республика көшесі бойында орналасқан айырбас
пункттерінің көбі жабық тұр.
Жұрағат БАМАН