Орал
қаласында дүкенге ұрлыққа түспек болған бұзақы терезеге қыстырылып қалды. Оқыс
оқиға таңғы 4-тер шамасында болған. Азық-түлік дүкенін тонамақшы болған екі
жігіттің бірі тар терезенің «тұтқынына» айналады. Бұл туралы жергілікті «Мой
город»
ақпараттық порталы жариялады.
Қарақшыларды патурлдік полиция көлігіндегілер
байқап қалған. Сыртта тұрғаны «сыбайласын» тастап қаша жөнеліпті. Ал темір
торлы терезеде жартылай асылған екіншісін алып шығу үшін, полицейлер төтенше
жағдай қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болады. Құтқарушылар «ұрысымақты» арнайы
құрылғымен әрең дегенде босатып алады. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі де
тартылған. Қашып кеткен сыбайласы да құрықталып, екеуі тергеу үшін полиция
бөліміне жеткізілді.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ