$519.51 €611.83 ₽6.6
×

ОПЕК Қазақстанда мұнай өндірісі бәсеңдейтінін болжады

AstanaTV
15.09.2015ж. 13:00
1175
ОПЕК Қазақстанда мұнай өндірісі бәсеңдейтінін болжады

Биыл Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін күніне  шамамен 10 мың баррельге дейін қысқартады. Яғни ел бір күнде 1,62 миллион баррель қара алтын өндірмек.

Бұл жөнінде ОПЕК-тің мұнай нарығына қатысты қыркүйек айына жасаған баяндамасында жазылған. Ұйымның келтірген дерегіне сай, Қазақстанда шілде айында мұнай өндіру жұмыстары күніне 40 мың баррельге артық болған. Бұл «Теңгіз» кен өндіру орынының ашылуымен байланысты болды, - дейді сарапшылар. Десе де, өткен жылмен салыстырғанда,  биылғы мұнай өндіру жұмыстары 40 мың баррельға кеміп отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА