$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Өндірістік кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы субсидиялануы мүмкін

AstanaTV
15.09.2015ж. 20:00
2084
Өндірістік кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы субсидиялануы мүмкін

Бұдан былай өндірістік кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбекақысы субсидиялануы мүмкін. Бұл жөнінде «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының» президенті Дәулет Ағындықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, тамыз айында елімізде 44 кәсіпорын қара тізімге іліксе, қазіргі уақытта 22 кәсіпорынның жағдайы мүшкіл көрінеді. Оларда 4,5 мың адам жұмыс істейді. Ал жалақыны субсидиялау арқылы Үкімет жұмысшының табысы төмендеп кетпеуін, уақытында салық төлеп тұруын қамтамасыз етуді көздейді. Орталықтың мәліметінше, Қазақстанда ресми түрде 448 мың адам жұмыссыз отыр.

Дәулет Арғындықов, «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті:

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Онда ебекақының 2/3 бөлігі қысқартылған жағдайда шығындарды уақытша субсидиялау қаралған. Бұл тек өндірістік кәсіпорындар мен білікті жұмысшыларға қатысты.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ