$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Полицейлер әйелін өртеп жіберген елордалық тұрғынды тұтқындады

AstanaTV
15.09.2015ж. 20:00
3522
Полицейлер әйелін өртеп жіберген елордалық тұрғынды тұтқындады

Астаналық полицейлер өз әйелін өртеп жіберген деген күдікке іліккен елордалық тұрғынды тұтқындады. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Сақшылар оны Астана маңындағы Қабанбай ауылында туыстарының үйіндегі жертөленің ішінде жасырын қазылған арнайы бөлмеде тапқан. 43 жастағы Қанат Сәдуовқа 4 ай бұрын халықаралық іздеу жарияланған болатын. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бауыржан Наушаев, Астана қаласы сарыарқа ауданы іід бөлім бастығының орынбасары: 

Қолда бар жедел ақпарат бойынша, Садуов Қанат Ақмола облысы, Қазақстан Республикасының территориясында, аймақтарында жасырын жүрген, барлық туысқандарының, жолдастарының бәрін тексеріп, 14 қыркүйекте жедел тергеу барысында Садуов Қанат ұсталды. Туысқандарына қатысты тергеу әрекет жүргізеді. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр.

Еске салса кетейік, жантүршігерлік жағдай үстіміздегі жылдың мамыр айының аяғында болған еді. Күдікті Қанат Сәдуов Астанадағы №25 мектепте жұмыс істеген әйелін сыртқа шығарып, үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген болатын. Денесінің 70 пайызын күйік шалған мұғалім ауруханада бір аптадай жатып, ақыры ес жимастан, көз жұмды. Бұл іске қатысты Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалған-ды.

Берік ХАСЕНОВ