$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Оралда ұры дүкен терезесіне қыстырылып қалды

AstanaTV
15.09.2015ж. 20:00
1064
Оралда ұры дүкен терезесіне қыстырылып қалды

Орал қаласында дүкенге ұрлыққа түспек болған бұзақы терезеге кептеліп қалды. Оқыс оқиға таңғы 4-ттер шамасында болған. Азық-түлік дүкенін тонамақшы болған екі жігіттің бірі тар терезенің «тұтқынына» айналады.

Бұл туралы арнамызға жедел құтқару жасағы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Амангелдіұлы айтты. Қарақшыларды патрульдік полиция көлігіндегілер байқап қалған. Сыртта тұрғаны «сыбайласын» тастап қаша жөнеліпті. Ал темір торлы терезеде жартылай асылған екіншісін алып шығу үшін, полицейлер төтенше жағдай қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болады. Құтқарушылар «ұрысымақты» арайы құрылғымен әрең дегенде босатып алады. Оқиға орнына жедел-жәрдем қызметі де тартылған. Қашып кеткен сыбайласы да құрықталып, екеуі тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Нұрсұлтан Амангелдіұлы, жедел құтқару жасағы басшысының міндетін атқарушы:

Құтқарушылар оқиға болған орынға шыққан кезде, белгісіз ер адам дүкенге кірмек болып, ұрлық жасамақ болып терезенің решеткасында қыстырылып қалғаны анықталды. Құтқарушылар арнайы құралдармен жұмыс жасап, жаңағы белгісіз жігітті шығарып алды. Шығарып алған кезде оған ешқандай жарақат ештеме түскен жоқ.

Еркін КАРИН