Педофил
жазасын алды. Алматыда үйдің кіре берісінде 10 жасар қызға жыныстық жәбір
көрсетпек болған күдіктіге жаза кесілді. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі
арнайы ауданаралық соты азғындыққа барған ер адамды 15 жылға соттады. Бұл
туралы арнамызға қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қуандық
Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:
Алматы
қаласы ауданаралық қылмыстық істер сотының үкімімен Осинский ҚР ҚК 24 бабы,
3-ші тармағы, 121 бабы 4-ші тармағымен
айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды және оған өмір бойы
педагогикалық тәрбиемен айналысуға тиым салынды.
Бұған қоса, күдікті маскүнемдіктен емделу
үшін, арнайы мекемеге жіберіледі. Сосын сот үкіміне сәйкес қылмыстық жазасын
өтеуге кіріседі. Айта кетейік, мектеп жасындағы қыз балаға жәбір көрсету оқиғасы
биыл мамыр айында тіркелген болатын. Елуді еңсерген азаматтың арсыз әрекеті
бейнебақылау камерасына жазылып қалған болатын. Бұл жазба әлеуметтік желі
қолданушыларының қызу талқысына түсіп, олар педофилдің жазалануын талап еткен
еді.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ