Шығыс Қазақстанның екі ірі қаласында тоғызы жеткен электр, жылу және су желілері
жаңартылады. Оған қаржы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінбек. Сондай-ақ Өскемен мен Семей қаласының көшелері, халық жиналатын орындар мен
жаңадан салынған шағын аудандар абаттандырылады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы
облыстық филиалының саяси кеңесі барысында айтылды. Сонымен қатар, кездесу
кезінде жаңа көпқабатты үйлердің құрылыс жоспарын жасарда кәсіпкерлерге керек
ғимараттарды ескеру керек, делінді.
Даниал
Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Биыл
қолданысқа енуі қажет нысандардың барлығында қосымша жапсарлас үй-жайлар болуы
керек. Олардың барлығын шағын және орта кәсіпкерлерге жалға беретін боламыз.
Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.
Сондай-ақ
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аймақтағы қалалармен аудан орталықтарында
спорттық, оның ішінде мүмкіндігі шектелген жандарға арналған алаңдар салынады.
Облыс басшысы Street workout алаңдарын салу кезінде отандық өнімді пайдалануға
тапсырма берді. Бұрын осы құралдар Ресейден алынса, қазір Өскеменде
өнідіріледі. Партия белсенділері ұйытқы болған кеңес отырысында жеке тұрғын үй
құрылысына қатысты мәселелер де қаралды. Өскеменде 6 мыңнан аса жер учаскесі бар екен. Одан
бөлек 3,5 мың жер учаскесі қорда тұр.
Ал кезекте 2 мыңнан аса адам тіркелген.
Ерлан
Аймұқашев, Өскемен қаласының әкімі:
Қазіргі
күні жобалық-сметалық құжаттар құрастырылған. Енді қаржыландыру үшін бюджеттік
сұраным жолданады. Бұл жағдай біздің бақылауымызда. «Нұрлы жол» бағдараламасы
бойынша бөлінген қаржы Өскемен бойынша 10 пайыз игерілген. Қаржы кешігіп
келгенімен, бізде барлығы дұрыс.