Қытай билігі аймақтардағы
бюджеттерінен 1 трлн юань, яғни 157 млрд долларды кері қайтарып алған. «Рейтерстің»
дерегінше, «қайтарылған
бұл қаражат инфрақұрылымды дамытуға жұмсалмақ».
Мұндай қомақты қаражат бұған дейін де бөлінген, алайда діттеген мақсатқа
жұмсалмаған.
Айта кетейік, Қытай қыркүйек
айынан бастап мемлекеттік секторды реформалауға кірісіп кетті. 2020 жылға дейін
созылатын бұл бағдарлама барысында тиімді емес әрі шығыны көп компанияларды
жабу көзделуде. Атап
айтар болсақ, негізінен энергетика, өндіріс пен көлік кәсіпорындары. Қазір
елдегі экономикалық өсім жоспарланған 7 пайызын бағындыра алмауда. Осыған орай,
жоғарыдағы билік игерілмеген қаржыны қайтарып алып, басқа маңызды салаларға
құюды көздеп отыр.
Күні кеше, Даму және реформалар ісі жөніндегі Ұлттық комиссия, «жалпы құны 970
млн долларға екі тас жол құрылысын бастайтындарын»,
жариялады. Ал өткен аптада 23 млрд. долларға темір жол мен көпірлерді салу
жобалары мақұлданған болатын.
Еркін КАРИН