$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Есілдің жағасынан көне зираттар табылды

AstanaTV
16.09.2015ж. 10:00
Есілдің жағасынан көне зираттар табылды

Қызылжардағы Есілдің жағасынан христиандардың көне зираты табылды. Өзеннің жағасы сумен шайылып, сүйектер жер бетіне шыққан. Қаңқаларды алдымен жағалауда ойнап жүрген балалар байқапты. Артынша бұл хабар жергілікті ғибадатханаға жетіп, мекеме қызметкерлері мен еріктілер онда дереу қазба жұмыстарын бастады.

Архиолог мамандардың айтуынша, ескі бейіттер 18 ғасырдың аяғына тиесілі болуы мүмкін. Онда екі отбасы мүшелері жерленген. Бір отбасының мұшелерін шіркеу қызметкерлері толық шығарып алды. Ал екіншісін ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырды. Қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін, шіркеу қызметкерлері оларды қала маңындағы зираттың біреуіне жерлемек.

Айта кету керек, тарихшылар, «табылған адам сүйектері үлкен зираттың бір шеті ғана», деген болжам жасап отыр.

Анатолий Плешаков, тарих ғылымдарының кандидаты:

Жазба мәліметтеріне сенсек, бұл ауыл толық өртеніп кетті. Елді мекеннің аты - Дуплянка. Сол ауылдың қасында, жар үстінде үлкен зират болған. Бірақ Есіл өзенінің жағасы сумен шайылып, сүйектердің бәрі су астына кетуі мүмкін. Бұл әлгі зираттың шеті болуы да мүмкін. 

Абзал ҚҰРМАНКИН