$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Шетелге жөнелтілмек болған 24 қаршыға елде қалды

AstanaTV
16.09.2015ж. 10:00
1630
Шетелге жөнелтілмек болған 24 қаршыға елде қалды

Шымкент әуежайынан Дубайға жөнелтілмек болған 24 қаршығаның жолы кесілді. Мына кадрлерде қаршығалардың екі қол сөмкеге жақсылап жайғастырылғаны көрініп тұр. Арнайы қорапқа жеке-жеке салынған қанаттылардың даусы шықпайтын амал да қарастырылған. Кедендік бақылау бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, әрбір құстың бағасы орта есеппен 22-25 мың АҚШ доллары тұрады.

Белгілі болғанындай, қаршыға салынған сөмкелер, «Тойота» маркілі автокөліктен түсіріліп жатқан сәтте, кеденшілердің назарына іліккен. Бірақ көлік жүргізушісі өз түсінігінде, «шабадандарды кімнің салғанын білмейтінін», тек «айтқан орынға  жеткізгенін», айтқан. Қазір белгісіз жүктің иесі кім екендігі анықталып жатыр Ал заңсыз жолмен шекара асырылмақ болған  құстар қазір Шымкент зообағына табысталған.

Айдос Қадірбердиев, ОҚО мемлекеттік кірістер департменті кедендік бақылау бөлімінің жетекші маманы:

Бұл автокөлік құралы «Аэропорт Шымкент» АҚ-ның қызметтік көлігі болып табылады. Яғни кедендік бақылау аймағынан бөлек ол тікелей ұшаққа бағыт алып, сол жақтан кедендік бақылаудан тыс өткендігінен кеден органдарының бақылауынан тыс қалып отыр.  Яғни бұл тауарлар, тірі құстар, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі болып табылады. Қазіргі таңда  қажетті тергеу амалдары жүзеге асырылуда. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ