$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Джон Керри мен Сергей Лавров Сирия ахуалын талқылады

AstanaTV
16.09.2015ж. 13:00
926
Джон Керри мен Сергей Лавров Сирия ахуалын талқылады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефон арқылы Сирия ахуалын талқылады. Бұл жайында «Рейтерс» агенттігі, Мемлекеттік департамент өкілі Джон Кирбиге сілтеме жасай отырып, хабарлайды. «Екеуара әңгіменің қандай да бір детальдары белгісіз». «Бір анығы, - дейді Кирби, - Құрама Штаттар Ресейдің  Башар Асадты әрі қарай  қолдауына жол бермейді». «Ондай жағдайда Ресми Мәскеуді оқшаулау саясатын жалғастырамыз», - деді ол.

Айта өтейік, соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары Ресей ресми Дамаскқа қару-жарақ жеткізіп жатыр дегенді жарыса жазды. Тіпті, Мәскеу Ислам мемлекетінде әскери база құрмақ деген де ақпарат шықты. Бірақ Ресей мен Сирия бұның қауесет екенін айтып, ақпаратты жоққа шығарды.

Еске салсақ, Сириядағы азаматтық соғыс 2011 жылдың көктемінен басталды. Салдарынан 230 мыңнан астам адам қаза тапқан. Ал 12 миллионға жуық адам Еуропаға бас сауғалап жатыр. Сирия президенті Башар Асад болса, Батыс елдерін Ислам мемлекеті радикалды тобын қолдап жатыр деп айыптап, оларды батыстың жобасы деп мәлімдеді.  

Башар Асад, Сирия президенті:

Джебхат ан-Нусра мен Ислам мемлекеті Батыстан қолдау көрсетіліп жатқандықтан нығайып жатыр. Еуропа бұлар арқылы өктемдігін орнатуда. Екі радикалды топ та Батыстың идеологиясын ұстанады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА