$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей азаматына асыл тұқымды ірі қара мал сыйға тартты

AstanaTV
16.09.2015ж. 13:00
1698
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей азаматына асыл тұқымды ірі қара мал сыйға тартты

Ресей азаматты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан асыл тұқымды ірі қара малын сыйлыққа алды. Астрахан облысында сиыр өсірумен айналысатын Руслан Таспеков қазақтың Әулиекөл тұқымымен будандастыруға бел буған. Өтінішін қағаз бетіне түсіріп, көрші елдің шаруасы хатты Елбасына жолдаған көрінеді.

Руслан Таспеков, шаруа қожалығы жетекшісі, РФ:

Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жаздым. Ешкім о баста сенбесе де, ойлаған ойым жүзеге асып, сыйлыққа екі бұқа алып отырмын.

Руслан Таспековтың хатына жауап көп күттірмепті. Жауап келісімен Ақтөбе облысына сыйлығын алуға жол тартқан. Айта кету керек, бұрын-соңды сиырдың бұл түрі елімізден тысқары шығып көрмеген. Шетелдік тұтынушылар тек шикізат ретінде еттей ғана сатып алатын. Әулиекөл тұқымына қызығушылық енді ғана туындап, шетелдік шаруалар асыл тұқымды малды көбейтуді көздеуде. Себебі ірі-қараның өзге түрлеріне қарағанда, артықшылығы да жоқ емес. 

Самат Қалдығұлов, шаруа қожалығы жетекшісі:

Бойы аласа, жатаған келгенімен, өте салмақты. Етінің мықтылығы да бар. Екіншіден, малдың терісінің қалыңдығы, төзімділігі, біздің жерлерге өте жақсы төзімді болып келеді. Сүтінің майлылығы да, өзім тексеріп көрдім, 5,2-5,8 аралығында.   

Мансұр ЕСХОЖИН