$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Тәжікстандағы бүлікшіл генералдың мерт болғаны расталды

AstanaTV
17.09.2015ж. 10:00
1289
Тәжікстандағы бүлікшіл генералдың мерт болғаны расталды

Тәжікстанның Рамит шатқалында осы елдің бұрынғы қорғаныс министрі Абдухалим Назарзода қаза болған. ТАСС-тың мәліметінше, бүлікшіл генералдың тағы бірнеше серігі опат болған.

Айта кетелік, бүлікшіл генерал жасырынған Рамит шатқалына тікұшақпен шабуыл жасалған. Әскери қақтығыс кезінде төрт жауынгер қаза тапты, олардың ішінде «Альфа» арнайы жасағының командирі Рустам Амакиев те бар.

Еске салайық, Рамит шатқалына бекінген генерал Назарзодаға қарсы жүргізілген антитеррорлық операция 4 қыркүйекте басталды. Содан бері 22 лаңкестің көзі жойылып, 120 адам тұтқындалды. Олардың 15-і өз еріктерімен қолға түсіпті. Ал Абдухалим Назарзода мен оның жақын серіктері «мемлекетті сатып, терроризм, экстремистік құрылым жасақтады» және «өзге де қылмысқа қатысы бар» деп айыпталған еді.