$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Түркия президенті: Мигранттар мәселесі қабырғалар мен дуалдар салумен шешілмейді

AstanaTV
17.09.2015ж. 10:00
1415
Түркия президенті: Мигранттар мәселесі қабырғалар мен дуалдар салумен шешілмейді

"Мигранттар мәселесі қабырғалар мен дуалдар салумен шешілмейді". Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганның бұл мәлімдемесін "Рейтерс" жария етті. Түрік басшысының айтуынша, адамдардың үйлерін тастап, мыңдаған шақырымға кетуінің себебін анықтау қажет.

Айта кетейік, Венгрия парламенті Таяу Шығыстан ағылатын мигранттардан сақтану үшін, елдің барлық шекарасына қабырға тұрғызуды ұсынған болатын.

Жалпы, Түркия - сириялық босқындарды қабылдай бастаған алғашқы елдердің бірі. Бүгінде бұл елге келіп жатқан мигранттар саны әлдеқашан миллионнан асып кетті. Жуырда екі мыңнан астам босқын, Грекияға жетуді ойлап, стамбулдық орталық Байрампаш автовокзалына жиналды. Осы кезде Түркия билігі Едирнеге тасымалдайтын автобусты уақытша тоқтатты. Алайда бұл әдіс  босқынарды тоқтата алмады. Екі мыңға жуық адам Стамбулдан 239 шақырым жаяу жүрген. Оларды полицияның тоқтатуға әрекеттенгенінен пайда болмаған.

Реджеп Тайип Эрдоған, Түркия президенті:

Мигранттар мәселесін қабырға мен дуалдар тұрғызып шешу мүмкін емес. Олардың еліндегі әскери қақтығыстарды тоқтатып, билікке, халыққа қамқорлық көрсетуге қабілетті жаңа үкіметті әкелуге көмектесу. Егер осы орындалса, адамдар үйлерін тастап, шекара кеспес еді. Кейбір еуропалық елдер христиан мигранттарға құшақ ашып, қалғандарын қабылдағысы келмейді. Бұл дұрыс емес. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ