Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Атыраудағы оптикалық-талшықты кабельдер шығару
зауытының жұмысымен танысты.
Жалпы, зауыт жуырда ғана индустриалды-инновациялық
даму бағдарламасы аясында іске қосылған болатын. Толық жаңа технологияларға
негізделген өндіріс орталығында жылына 11 мың шақырым кабель дайындалу
көзделген. Негізгі шикізат - мыс.
Кәсіпорын биыл жоспар бойынша 5 мың шақырым кабель шығаратын болады. Ал 2017
жылдан бастап 3 ауысымды еңбек шарты бойынша өндірісі көлемін арттыру көзделіп
отыр.
Мұнан соң Президент аймақтағы ірі «Атырау мұнаймаш» кәсіпорнына ат басын бұрды. Бұл кәсіпорын
мұнай өндірісінің жабдықтарын шағарады. Одан соң Атырау мен Маңғыстау
облыстарының ірі мұнай саласы кәсіпорындары басшыларымен кездесу
жоспарланған.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ