$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Чилиде 8,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

AstanaTV
17.09.2015ж. 13:00
2081
Чилиде 8,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Чилиде жойқын зілзала. Ел астанасы Сантьяго қаласынан 232 шақырым қашықтықта 8,3 балдық жер сілкінісі болды. Саладыран үш адам қаза тауып, ондаған адам түрлі дене жарақаттарын алды. Ғимараттар шайқалып, адамдар дереу эвакуацияланды.

Айта өтейік, осы күндері Чилиде ұлттық мейрамдар аптасына әзірлік қызу жүріп жатқан. Табиғаттың тосын мінезі тойдың шырқын бұзып, жұртты әбігерге салды. Жер дүмпуін Сантьягоның тұрғындары да сезген. Енді ел билігі  цунами қауіпі бар деп дабыл қағуда. Жер асты дүмпулерінен туындаған алып толқын тіпті Гавай аралдарын да шайып кетуі мүмкін, деген болжам бар. Синоптиктер, цунами толқыны тіпті Ресей мен Жапония аумағына жетуі ықтимал, деп отыр.