Әрбір қазақстандық Бірыңғай жинақатаушы зейнетақы қорындағы қаражаттардың қайда жұмсалып жатқанынан хабардар болуы тиіс. Мұндай ұстанымды «Қазақстан Халық Банкі» қолдап отыр. Бүгін «Астана» теларнасына берген эксклюзивті сұқбатында банктің басқарма төрайымының орынбасары Ертай Сәлімов қаржы нарығындағы жариялылық туралы осылай деп мәлімдеді.
«Ұлттық Банк»
еліміздегі басты қаржы реттеуші және басқарушы ретінде қоғамда оң пікір
қалыптастыру үшін, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаның қалай
жұмсалатынын жариялап отыруы тиіс. Сондай-ақ, қордан депозит алып отырған
екінші деңгейлі банктер де мәліметтер беруге міндетті. Ондағы сомма көлемін,
мерзімін және пайыздық мөлшерлемесі
туралы ақпараттар ашық болуы керек, - дейді Ертай Сәлімов. Осылайша, еліміздегі
қаржы нарығы қоғам үшін мүмкіндігінше жариялылы болар еді, - деп ойын түйіндеді
банк өкілі.
Ертай Сәлімов, «Қазақстан Халық
Банкі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары:
Нарық
тек валюталық операциялардан ғана тұрмайды, ол өзге де ақша айналымдарына бағынышты.
Оны қаржыгерлер тілінде «Мани-маркет» деп атайды. Тиісінше валюталық және
қаржылай алыс-берістің барлығы жариялы болуы тиіс. Сонда қаржы нарығында
операциялар қандай мөлшерлемемен жүріп жатқанын көріп отырамыз. Сонда еліміздің
әрбір азаматы елдегі қаражы инструменттерінің қанша кіріс әкеліп жатқанын білер
еді.
Айта
кетейік, кеше «Ұлттық
Банк»
Қазақстан қор биржасында долларды алып-сатқан қаржы институттарының тізімін
жариялаған болатын. Бұл тізімінің басында «Қазақстан
Халық Банкі»
тұрған еді. Алайда, «Халық Банкі»
еліміздің бас банкінің таратқан ақпаратына күмән келтірді. Екінші деңгейлі банк ұжымы нарық
қатысушыларын адастырмас үшін, алдағы уақытта басты қаржы реттеушіні мәліметтер
таратуда «сақ» болуға шақырды.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ