Бүгін «Нұр Отан» партиясында жемқорлықпен
күрес механизмдері қарастырылды. Дөңгелек үстел жиынына партия мүшелерінен өзге Параламенттің қос палатасының мүшелері, Президент Әкімшілігінің өкілдері,
ғалымдар мен сарапшылар да қатысты. Олар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген
төзбеушілікті қалыптастыру жолдарын жан-жақты талқылады.
Айта өтейік, күні
кеше Парламент Мәжілісі «Жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын 1-ші оқылымда мақұлдаған еді.
Марат Жұмағұлов, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік
басқару академиясының директоры:
Парламент қарауындағы
жемқорлыққа қарсы заң жобасы тек мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, барлық
қоғамның мүддесін қорғайды. Елбасы көтерген идея жемқорлық ұғымын түбімен жояды
деп үміттенеміз.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА