$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Франция босқындарды орналастырып жатыр

AstanaTV
18.09.2015ж. 10:00
1784
Франция босқындарды орналастырып жатыр

«Француз билігі 500-ден астам сириялық босқынды шатырлы лагерьден вокзал маңындағы орталықтарға, сондай-ақ Париждің солтүстік бөлігіне орналастырды», - деп жазады «Рейтерс». Енді оларға босқын мәртебесі беріледі. Ақпарат агентігінің байламынша, «француздардың бұл ісі - Германияның сынына жасалған қарымтасы». Ал шекарашылардың хабарлауынша,  соңғы жеті айдың ішінде Еуропалық оаққа бас сауғалап келгендердің қарасы 340 мыңға жеткен.

Айта кетелік, Германия билігі босқындар нөпірін реттейтінін мәлімдеген еді. Ангела Меркельдің сөзінше, Германия Федералды Республикасы соғыс болған жерден қашып келгендерді ғана паналатады, ал қалған азаматтарға мұндай мүмкіндік берілмейді.

Енді Словения да осындай қадамға көшетінін жариялап, Еурокомиссияны құлағдар етті. Алдағы 10 күнде бұл ел өз шекарасына уақытша бақылау орнатпақ. Мұндай қатаң шаралардан тысқары қалмайтынын білдірген Венгрияда күн сайын ондаған босқын тексерілуде. 

Еркін КАРИН