$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қарсы санкцияны ұзартуға ниетті

AstanaTV
18.09.2015ж. 13:00
1137
Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қарсы санкцияны ұзартуға ниетті

Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды 2016 жылға дейін ұзартпақ. Бұл туралы Bloomberg хабарлады. Еуроодақ елдері мен АҚШ-тың болжамынша, жыл аяғына дейін Украинаға қатысты бейбіт келісім жасау мүмкіндігі нашарлайды.

«Минск-2» келісімін ұзарту жайын «норман төрттігі» қазанның екісінде Парижде талқылайды, деп күтілуде. «Уақытша бітімнің сақталуы  санкциялардың созылатынын білдіреді», - деді Франция, АҚШ және Германияның бірқатар лауазымды шенеуніктері. Вашингтон Еуроодақтағы әріптестерімен әлі тығыз қарым-қатынаста және,  Ресей бейбіт келісімге қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, санкцияларды қолдауға дайын екенін хабарлады.

Бірқатар батыс елдері Қырымның қосылуынан кейін, Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейге қарсы санкциялар енгізгені белгілі.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА