$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ақтөбедегі әуежай қауіпсіздігін тексерді

AstanaTV
15.06.2016ж. 20:00
1862
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ақтөбедегі әуежай қауіпсіздігін тексерді

Ақтөбедегі терактіден кейін өңірге жұмыс сапармен Үкімет басшысы барды. Алдымен Кәрім Мәсімов Ақтөбе халықаралық әуежайына барып, қауіпсіздік деңгейін тексерді. Нысанның тексеру жүйесінде болып, келген жолаушыларды қалай қарайтындығын бақылады. Сондай-ақ әуе айлағының техникалық жабдықталуы мен ұшып келу алаңын көрді.

Ақтөбе әуежайының авиациялық қауіпсіздігі қызметінің басшысы Сергей Елизаровтың сөзінше, тексерудің бірінші желісі 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Яғни өңірдегі алғашқы лаңкестік оқиғадан кейін. Айтуынша, жоғарғы деңгейдегі қауіпсіздік шараларына тұрғындар әбден үйренген.

Сергей Елизаров, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы:

Ақтөбе әуежайындағы басты ерекшелік - 2011 жылдан бері мұнда бірінші желінің жұмыс істейтіндігі. Ақтөбе қаласының тұрғындары бұған әбден үйренген. Және оның жұмысына түсіністікпен қарайды. Өйткені олар адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екенін біледі. Қауіптің сары түсі жарияланған кезде, әуежай тек жолаушыларды жекелей тексеру жүйесін күшейтті.

Мансұр ЕСҚОЖИН